Әкімдік

Санитарлық талаптар сақтайды

Үстіміздегі жылдың 7-9 қазан аралығында облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, аудан жетекшісі Мурзагулова Айжан Хизенқызы аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қарау мақсатында Сарбие, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі және Саралжын ауылдық округінің Ақкемер, Ойыл ауылдық округінің Қаракемер, Ақшатау елді мекендерін аралап, орталықтандырылған ауыз су құбыры құрылыстарымен, аталған елді мекендердегі мектептер мен емдеу мекемелерінің жұмысымен, аудан орталығында жүргізіліп жатқан көшелерге асфальт салу, жаңа тұрғын үй алаңындағы ауыз су құбыры құрылысы, спорттық кешен құрылысын көріп, дүкендердегі әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауар бағасын, дәріханалардағы дәрі, емдік заттар бағасымен танысып, мектептердің замануи кабинеттерімен жасақталуы мен жұмысын, сауда орындарында халыққа қызмет көрсетуді жақсарту, індетке қарсы санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мәселелері бойынша кездесу барысында анықталған кемшіліктерді жоюды ұсынды.
Елді мекендерді аралау кезінде кездескен ауыл тұрғындарының жеке қожалықтағы малдарының шөппен қамтылуы, көмірмен қамтылу мәселелерін тыңдап, айтылған ұсыныс–пікірлерін аудан әкімдігіне жеткізіп, шешілуін бақылауға алуды тапсырды.
Аудан орталығында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы» ғимаратында өткізілген «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» барып, жұмыс орындарына жолдама алған жұмыссыздармен кездесіп, жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.

Басқа жаңалықтар