ӘкімдікРухани жаңғыру

ҰСЫНЫСТАР ІЛГЕРІ ҰМТЫЛЫСҚА БАСТАЙДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Аудан басшысы Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен өткен басқосуға мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан жастары қатысты. Жастармен кеңесті кіріспе сөзбен ашқан аудан басшысы
«Ауданда төтенше жағдай кезінде жастардың көмегі мен қолдауы көп тиді.
Жастардың арасында түсінік жұмыстарын жүргіздіңіздер, жігіттер елді-мекендерде көктемгі су тасқынынан алып қалу үшін күн-түн демей көмектестіңіздер. Сіздерге осы орайда алғысымды білдіремін», — деді. Кеңестің күн тәртібіне сәйкес Сарбие, Қараой, Көптоғай ауылдық округтерінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын – алу мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды.Сондай-ақ жасалған баяндамаларда айтылған ұсыныстар негізінде ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына ауданда мемлекеттік жастар саясатын қарқынды жүргізуге ықпал ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина аудан көлемінде жастардың белсене қатысуымен өткізілген қайырымдылық іс-шаралары мен жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Кеңес отырысында қатысушы жастар тарапынан да, ұсыныстар айтылды. Көктемгі су тасқыны кезеңінде Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыса отырып, белсенділік танытқан жастар облыс әкімі Асхат Шахаровтың және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Басқа жаңалықтар