Көсембай елді мекеніне ауыз су келді
Қайыңды ауылдық округі Көсембай елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Су жүйесінің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев пен ауыл азаматтары қатысты.

Ауыл игілігі үшін жұмысын бастаған су жүйесін ауыл ақсақалы Бақеділ Нұрғалиев алғыс білдіре отырып іске қосты. Су жүйесі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асы-рылды. Жоба Облыстық бюджеттен қаржыландырылған болатын. Жоба-ның жалпы құны 269, 369 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші «Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолау-шылар көлігі бөлімі» ММ. Су құбыры-ның ұзындығы 8,5 км дейін жетеді. Су жүйесін тартуға жауапты мердігер компания «БатысГазстрой» ЖШС өз жұмысын толықтай аяқтады. Аса ыждағаттылықпен жасалған жұмыс-тарға ауыл азаматтары да атсалыс-қан. Осылайша су жүйесінің мерзімі-нен бұрын аяқталып, халық қолданы-сына беруге өз үлестерін қосты. Одан әрі жауапты қызметкерлер компютер-лік бағдарламамен басқарылатын жұмыс жүйесімен таныстырып өтті. Ауыл халқы бұрынғыдай сырттан су тасып әуре-сарсаңға түспейтіндік-теріне, тіршілік көзінің үйге кіріп тұрғандығына қуанышты екендіктерін жеткізді. Халық ауыз судың келгеніне дән риза.
Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.