Басты тақырыпСұхбат

«Еріктілер жылы» елдің мүддесі үшін

«Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда кім болам», - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлап кеткендей қазақ ұлтының бүгінгі жастарының бойынан қайсарлықтың лебі еседі. Олай дейтін себебіміз, ел үшін еміреніп, биік белеске ұмтылатын жастарымыздың болашаққа қадамы қуантады. Жас та болса, жастардың басын біріктіріп, олармен бірлесе қызмет етіп жүрген жандардың бірі Мейрамбек Музамелұлы. Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарып жүр. Ендеше ауданымызда Жастар саясатының қарқынды жүзеге асуына атсалысып жүрген Мейрамбекпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Жастар ресурстық орталығы туралы тоқталып өтсеңіз. Жалпы орталықтың басты мақсаты қандай?

— 2014 жылдан бастап аудандық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Мақсатты топ 14-29 жас аралығындағы жастар. Ойыл ауданында аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні аудандағы жастар саны (14-29 жас аралығы) 5143 адамды немесе аудан тұрғындарының 31% құрайды. Олардың 1746 аудан (28%), орталығының жастары болса, 3618 (72%) ауыл жастары құрап отыр. 2020 Еріктілер жылы болып жарияланғаннан бастап Республика бойынша еріктілердің базасы жасақталды. Сол базаға Ойыл ауданынан 200-ге жуық еріктілер тіркелген болатын. Сонымен қатар, Ойыл аграрлық колледжі, аудан орталығындағы білім беру ұйымдарында, аудандық орталық аурухана мен Ойыл балалар жасөспірімдер спорт мектебінде барлығы 7 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды. Сондай – ақ, 2020 еріктілер жылына орай аудан бойынша 8 еріктілер тобы құрылса, «РАҚЫМ» қайырымдылық қоры тұрақты жұмыс жасайды.

— Соңғы жылдары ауданымызда кәсіпкер жастардың қатары көбейіп келеді. Алайда, жаңадан кәсіппен айналысқысы келетін жұмыссыз жастарға қандай қолдау-көмек бар?

— Жастарды қоғам сұранысына сәйкес кәсіпке баулу өте маңызды.  Бизнеспен айналысам деушілерге қолайлы жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, 2018 жылы Дүниежүзілік банкі қолдауымен осал топтағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Zhas Project»  жобасы жақсы нәтиже берді. Жоба аясында әрқайсысы 1 млн теңгеге барлығы 11 млн теңгеге 11 әлеуметтік жастың жобасы қаржыландырып, жалпы 34 жасқа 40 — 60,0 мың көлемінде 6 ай бойы арнайы шәкіртақы төленді. Қазіргі таңда 7 жоба өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2019 жылы ауданда «Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асырылды. Жобаға аудандағы өзін-өзі қамтыған санаттағы 47 адам қатысты. Оның ішінде, 47 жас 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 505 мың теңгеден қайтарымсыз грант берілді. 2020 жылы жаңа бизнес идеялар жүзеге асыру үшін 39 адамға 200 АЕК көлемінде 21,0 млн теңгеге мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, қазіргі күні 43 адамға мемлекеттік гранттар берілді.

— Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жөнінде не айтар едіңіз?

— Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші маңызды рөлге ие. Осы бағытта ауданымызда жастарды жұмыспен қамтуды мақсат ететін «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Гүлдене бер, туған ел!» марафон эстафетасы» сынды жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. 2020 жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жастар тәжірибесіне» 118 жұмыссыз жас түлек жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 16-29 жас аралығындағы жастар 35 адам құрайды. Кәсіптік оқуға – 35 жас тартылды. Жыл басынан бері 33 маманға жалпы соммасы 8748,3 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. (әр маманға 265100 теңгеден) Оның ішінде, 18 маман білім (4771,8 мың), 11 маман денсаулық  (2916,1 мың), 2 маман АПК (530,2 мың), 2 маман спорт (530,2 мың) саласының мамандары. 25 маманға жалпы соммасы 97391,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.  Оның ішінде, 13 маман білім (49 млн 962,9 мың), 9 маман денсаулық  (35млн 498,6,6 мың), 2 маман АПК (7 млн 953,0 мың), 1 маман спорт (3млн 976,5 мың)  саласының мамандары. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамтуды мақсат ететін «Жасыл ел», «Гүлдене бер, туған ел!» жобасы ауданымызда әр жыл сайын 340 жас жұмыс қамтылып отыр. 2020 жыл басынан 300 жас жұмыспен қамтылып, бүгінгі таңда жастарымыз қоршаған ортаның тазалығына өз септіктерін тигізуде. Сонымен қатар, Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы Ойыл орман шарушылығында 40 жас «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорына 26 жас «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты.

— Мемлекетімізде жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қаралған. Жастардың тұрғын үймен қамтылуы біздің ауданда қаншалықты жүзеге асуда?

— Жастарды, жас отбасылар  қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күнінің кезек күттірмейтін талабы. Осы мақсатта ауданда былтыр басталған құны 71. млн теңгені құрайтын 2 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, екі қабатты 8 пәтер және бір пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысын жасақтау үшін жобалау сметалық құжаттарына облыстан 7 млн қаражатқа сұраныс берілді. Осы жобалаларымыз жүзеге асатын болса, заң талаптарын сақтай отырып, мүмкіндігінше жас отбасыларға қолдау көрсетеміз. Осы орайда, жыл басынан бері 2 жасымызға тұрғын үйдің кілті табысталды. Қазіргі таңда 29 жасқа дейінгі 41 жас пен жас отбасылар тұрғын үй кезегінде тұр.

— Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында атқарылған жұмыс барысына тоқталып өтсеңіз.

— 2020 еріктілер жылына орай Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының жылдық жұмыс жоспары жасақталып, қазіргі таңда 7 жалпыұлттық жобаны аясында іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Қай салада жұмыс жасаса да қайырымдылыққа мойынын бұрып тұратын жастар, бір күнде Еріктілер жылының 7 жалпы Ұлттық жобасы аясында іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары 2020 Еріктілер жылына орай жүзеге асып жатқан 7 жалпы Ұлттық жобасының «Үміт» жобасы бойынша Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерлігін баяндайтын құжаттарды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің ерікті жастары «Білім» жобасы бойынша тұрғындарға ағылшын тілін үйрету жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда «Достық» жастар комитетінің мүшесі Айнаш Дінжанова «Зерде» оқу орталығын ашып, 1-11 класс аралығындағы оқушыларға ағылшын тілін үйрету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Ойыл аудандық орталық ауруханасының ерікті жастары «Саулық» жобасы бойынша аудан орталығындағы қарттармыздың үйлерін аралап, медициналық көмек көрсетті және «Қамқор» жобасы бойынша Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Nur Otan» партиясының Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен жалғыз басты Несіпбай атаның үйіне «Ардагерлерді ардақтайық!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырса, Ойыл аграрлық колледжінің ерікті жастары «Асыл мұра» жобасы бойынша аудан орталығындағы Шығанақ Берсиев атамыздың ескеркішінің алдына тазалық жұмыстарын жүргізді. 2020 жылы Еріктілер жылына орай Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен әр ауданға 7 жалпы ұлттық жобасының бір бағыты бекітіліп берілді. Ойыл ауданына «Қамқор» бағыты бекітілген болатын. Осы орайда Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қамқор» жобасы аясында аудан орталығындағы жалғыз басты қарттарға үнемі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып келеді. Атап айтсақ,  ағымдағы жылдың 23 қаңтары күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Nur Otan» партиясының Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен жалғыз басты Несіпбай атаның үйіне «Қамқор» бағыты аясында «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясын жүргізді. 25 қаңтар күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалғыз басты қария Е. Браташованың үйін тазалап көмек көрсетті. 31 қаңтар күні Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестігімен бірлесе жалғыз басты қария Сәуле апамыздың үйіне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 2020 Волонтер жылына орай және Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының 2020 жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қамқор» жобасы аясында Жолдығали Сатығалиев атаның үйіне «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұндай қамқорлық акциялар Ойыл аудандық жастар ресурстық  орталығының тапсырмасына сәйкес барлық ауылдық округтерде үнемі ұйымдастырылып отырады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясының қолдауымен қазіргі таңда барлық өңірлерде «Біз біргеміз!» акциясы жүзеге асып жатыр. Бұл акцияға Ойыл ауданының еріктілері де өз үлестерін қосуда. Акция аясында еріктілер Кәмшат Тнеева апамыздың үйіне әлеуметтік пакеттерді аппарып, қайырымдылық көрсетті. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері аудан жастар қандай шара болмасын белсенділік танытуда. Аудандық жастар ресурстық орталығының жастары және волонтерлар аудан орталығында орналасқан блок-бекетте тұрған азаматтарға өз қолдарымен ас-дәм әзірлеп, жастардың атынан ел қауіпсіздігі үшін тыңбай еңбектеніп жатқандарына рақмет айтып, алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, Сарбие ауылдық округінің тұрғыны, жас кәсіпкер Құрманбек Тілеуғалиев «Қамқор» аясында 5 аз қамтылған отбасына азық – түлік алып беріп қайырымдылық көрсетті. Жалпы жыл басынан бері «Қамқор» жобасы аясында 68 акция ұйымдастырылды.

— Жалынды жастармен бірлесе атқарып жатқан қызметіңізге сәттілік тілеймін. Ел сенімін ақтайтын белсенді жастарымыз көп болсын.
Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан:
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар