ӘкімдікБасты тақырып

Сапалы білім,  жайлы жатақхана

Ойыл аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин мен партия мүшелері Ойыл аграрлық колледжінің жатақхана жүйесімен танысты.

Студенттердің сапалы білім алуымен қатар жылы, жайлы орында  орналасуы аса маңызды. Бүгінде жатақханада елімізде орын алған карантин шараларына байланысты студенттердің біраз бөлігі үйлерінде. Ал қалған бөлігі жатақханада қоныстанған. Яғни, интернет байланысы әлсіз, шалғай ауыл аймақтардан келген студенттер жайлы жатақханадан орын алып, оқуларын жалғастыруда. Оқу ғимараты да жатақханадан қашық емес, бар болғаны таяқ тастам жерде орналасқан десе де болады. Бұл дегеніміз — студенттердің уақытты тиімді пайдалана отырып, жүйелі білім алуына қолайлы жағдай туғызып отыр. Ғимараттың іші-сырты толықтай жөндеуден өткендіктен де кірер есіктен бастаптаза, жинақылығымен көзге түсті. Осыдан-ақ қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа сақадай-сай екендігін аңғаруға болады. Себебі  студенттер жылу жақсы жұмыс жасап тұрғанына дән риза. Жатақхана қызметкерлерінің айтуынша, жайлы жатақханада жайлы өмір сүріп жатқан студенттер бір үйдің баласындай, осы уақытқа дейін арада келіспеушіліктердің орын алмағандығын айтады.

Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар