Әлеумет
Балық өсіру де кәсіп көзі
Балығы тайдай тулаған Ойылдың бүгінгі жайы табиғат жанашырларын ғана емес, бүкіл аудан тұрғындарын алаңдатып отыр. Дегенмен, аудан аумағында өзеннен бөлек суы мол бөгет, тоғандар да бар. Солардың бірі Қайыңды ауылдық округінің аумағындағы Мұқан бөгеті. Ел осылай атап кеткен тоғанның суы мол. Негізінен қар суымен толығатын тоғанның суы ортайғанымен әлі де айдыны шалқып жатыр. Аумағы 43 гектар тоған осыдан екі жыл бұрын ауданда балық кәсіпшілігін дамыту үшін конкурсқа шығарылған болатын. Сол жылғы конкурстың жеңімпазы деп жек кәсіпкер Болатбек Абдуллин танылған еді. Сол уақыттан бері Мұқан бөгетінде балық өсірумен айналысып келе жатқан кәсіпкер жуырда тоғанға Ресейдің Орынбор балық шаруашылығынан әкелген 6500 сазанның шабағын жіберді. Өткен жылы 10 мың шабақ жіберіп еді.