Өңір жастарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 млрд теңге бөлінді. «Аталған бағдарлама арқылы жыл соңына дейін 70-тен астам жас отбасының баспаналы болуына мүмкіндік жасағымыз келіп отыр.
Бұл жерде негізгі басымдық ауыл жастарын тұрақтандыру және баспанасыз жүрген жұмыссыз жастарға беріледі», — деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов. Оның айтуынша, басқарма ағымдағы жылы «Ақтөбе жастары» жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстарды қолға алды. Бөлінген қаражаттың тең жартысы жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Еске салайық, өткен жылы аталған бағдарлама арқылы 42 жас отбасы баспаналы болған еді.