Әлеумет

Еріктілер марапатталды

Баршаға мәлім, аяқталғалы отырған 2020 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай «Birgemiz, Asylmura» жалпыұлттық жобасы аясында тарихи-мәдени мұраның қорғалуы мен сақталуына өз үлестерін қосып, атсалысқан, биылғы жылы Ақтөбе археологиялық экспедициясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, белсенділік танытқан бір топ жастарды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали Алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтсақ, олар: әріптесіміз, музейдің қор сақтаушысы Мәншүк Әбілғазиева, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Әбілхан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің 4-курс студенттері Арман Таңбаев, Нұрия Жұмабаева, аталған факультеттің тарих-география мамандығының 3-курс студенті Ерасыл Жолдыбай, Алматы энергетика және байланыс университеті электроэнергетика мамандығының 4-курс студенті Жандос Базарғали, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы жоғарғы колледжінің дене тәрбиесі және спорт мамандығының 3-курс студенті Бекет Мырзағалиев, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі дене тәрбиесі және спорт мамандығының 4-курс студенті Ермек Зейнуллаев және Ақтөбе көпсалалы «Тарлан» колледжі театр актері мамандығының 4-курс студенті Дәулет Тапашев. Музейдің конференц-залында өткен марапаттау рәсімінде Мейрам Дүйсенғали археологиялық қазба жұмыстарының өлке тарихын жан-жақты танып, білуге маңызы зор екенін, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін айтты.

Басқа жаңалықтар