Әлеумет

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арналған «30 игі іс» эстафетасы басталды

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» эстафетасын бастады. Осы эстафета аясында Ойыл ауылдық округінің және «Nur Oran»  партиясы Ойыл аудандық филиалының «Jas Otan» жастар қанатының жастары «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды.
Сауапты іске аудандық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болып, акцияға ерікті түрде Ойыл ауданының жастары, мектеп мұғалімдері қатысып аудан тұрғындарына, қарт адамдарға, тегін қызмет көрсетті. Атап айтсақ, Ойыл қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Арсен Аққалиев, физика пәнінің мұғалімі Жеңіс Зейноллин, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің социологі Бекзат Ұлықпанов, дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрлан Ешимов, Ойыл аграрлық коледжінің оқытушы Шүкір Орынбасаров жеке көліктерімен акцияға атсалысты. Қоғамға жастарды қайырымдылық, игі іс жасауға бағытталған шара шеңберінде аты аталған азаматтар тұрғындарды діттеген жеріне көк тиын алмай жеткізді. Ал, үлкендер болса, өз кезегінде осындай шараға мұрындық болған және атсалысқан жастарға алғыстарын жаудырды.

Басқа жаңалықтар