Әлеумет
Музейдегі апталық Ұлық мерекеге арналды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі 15-20 наурыз күндері аралығында «Наурыз – ұлттың ұлық мерекесі» атты тарихи-танымдық апталығын ұйымдастырды. 15 наурыз күні музей фойесінде апталық салтанатты түрде ашылып, «Наурыз көже –ұлтымыздың ұлттық тағамы» тақырыбында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы, аудандық архив мекемесімен және аудандық жастар рессурстық орталығы, әділет басқармасының қызметкерлеріне наурыз көжеден дәм татқыза отырып, наурыз көженің жасалуы мен шығу тарихын баяндалса, қонақтар жаңа жылға тілектерін жеткізіп, бата берді
Апталықтың екінші шарасы «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Ерлігі ел аузында аңыз болып қалған Сапура Мәтенқызы» атты тарихи-танымдық кездесуі аудан тарихшылары мен өлкетанушылар клубының мүшелері арасында өткізілді. Шара алдында Сапура Мәтенқызына арналған бейнебаян көрсетілсе, аудандық білім бөлімінің әдіскері, тарихшы Доскей Нұрғазин бастаған тарихшылар тарихи деректерге сүйене отырып баяндамаларын жасады. Сапура Мәтенқызына арналған «Елінің азаттығы үшін күрескен – Сапура Мәтенқызы» атты тақырыптық көрмесі таныстырылды. Тарихшылар алдағы уақытта аты аңызға айналған Сапура Мәтенқызы туралы мектепте де насихатталса деген ой-пікірлерін ортаға сала білді. Ал, сол күні өткен «Қазақ халқының ағаш ыдыстары» туралы танымдық шараға Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында қазақ халқының, соның ішінде ағаш шеберлері ағаштардың қолдану кезіндегі қасиеттерін терең меңгергенін жан-жақты нақты тарихи деректермен жеткізіле отырып музей қорындағы жинақталған ағаш ыдыстардан жасақталған көрме таныстырылды. Ағаш ыдыстар туралы сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, оқушылар арасында көп жауап берген ойыншыға сый – сияпат ұсынылды.
17 наурыз күні – «Инноватор -көшпенділер: ер адамдар киімі» атты шара Ойыл аграрлық колледжінің 1-курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Онда қазақ халқының ұлттық ер адамдарының киімдеріне арналған бейнероликтері көрсетіліп, ер адамдар жылдың төрт мезгілінде киетін киімдерінен жасақталған көрмесі таныстырылды. Көшпенді қазақтар әлем халқына өз ұлтының ұлттық киімдерін көрсете отырып, үлгі болғандығы туралы нақты деректер баяндалды.
18 наурыз күні — «Қазақ дүниетанымындағы наным-сенімдердің қолданылуы» тақырыбында шара музей, архив қызметкерлері арасында ұйымдастырылып кездесуде қазақ халқының наным –сенімдеріне арналған бейнебаяндар көрсетіліп, қазіргі таңдағы қолданылуы туралы айтылды.
19 наурыз күні — «Қазақ халқының саятшылық өнері» және атадан балаға жеткен мұра құсбегілік туралы бейнебаяндар көрсетілді.
Апталықтың соңғы күні музейдің этнография залында «Қазақ халқының ұлттық киімдері» көрсетілді. Музей қорында жинақталған 1936 жылғы шапан, ХХ ғасыр қыз кимешегі сынды құнды ұлттық киімдерден көрме жасақталды. Апталық негізінен дәстүрлі форматта өтті. Алайда, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде тамашалаған музей жанышырлары да аз болған жоқ.