ӘкімдікБасты тақырып

Жастарды жат ағымнан аулақ болуға шақырды

Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында республикаға танымал теолог мамандарды тарта отырып аудан көлемінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дәстүрлі емес діни көзқарастағы азаматтармен профилактикалық жеке кездесулер ұйымдастыру» мақсатында «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының теологы Дастан Ұзақбаев ауданымызға кезекті сапарымен келіп, жастармен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу кезінде «Ислам діні заңға, тәртіпке қарсы шықпайды», деген  Дастан Ұзақбаев діннің дұрыс бағытын ұстану үшін интернет арқылы немесе бәз біреулерге еліктеу аса қауіпті екендігін ескертіп, тікелей жергілікті жердегі мешіт имамдарымен кеңесу керектігін айрықша атап өтті. Әсіресе мектеп бітіретін оқушыларға кез келген теріс идеологияның ықпалына еріп кетпеуі үшін абайсызда салафиттік ағымға кіріп адасып жүрген жастардың өкініштерінен мысалдар келтіре отырып, кеңірек мәлімет берді.
Әрі қарай, Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Атағалиев жастарды терроризм, экстремизм және ислам дініне байланысты көкейкесті сауалдарын қоюға ұсыныс жасай отырып, жаңадан мектеп бітіріп қалаға енді ғана қадам басқалы отырған жастардың өзге ағымдарға ілесіп, қоғамға жат әрекеттерімен қателікке бой ұрып алмауға шақырды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар