Сұхбат

«NUR OTAN» «ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» ҰСЫНАДЫ!

Баршаға белгілі қаңтар айының 10-ы күні елімізде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында «Nur Otan» партиясы жеңіске қол жеткізді. Осы орайда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жайында «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналинмен арнайы сұхбат құрдық. Ендеше ағымдағы жылы елімізде өткен саяси науқан алдындағы «Nur Otan» партиясының берген уәделері мен атқарылуға тиіс бағдарламаларының орындалу барысын оқырман назарына ұсынамыз.

Армысыз аға! Бүгінде саяси партия дегенде алдымен мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге ұмтылатын белсенді ұйым деп түсінеміз. Алайда үстірт ойлап, асығыс байламға барудың керегі жоқ. Себебі халықтың қалауымен сайланған саяси партия еліміздің тәуелсіз, тұтас, бейбіт, қуатты болуы үшін адал қызмет етуі тиіс. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылуда?

— Әлбетте. Аталған саяси науқан әділ, әрі сәтті өтті. Себебі халықтың басым бөлігі «Nur Otan» партиясына қолдау білдірді. Сондықтан біздің партия халық сенімін ақтауға бар күшін салып келеді. Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының 4 бағытын іске асыру бойынша 362 тармақты қамтиды. Жол картасының барлық шаралары мен индикаторлары жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, жылдар, салалар және өңірлер бойынша бөлінеді. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары барысында сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныстар, ел-халықтан түскен өтініштер, олардың көтерген мәселелерді шешуге, сондай-ақ, экономика мен өңірдің тұрақты дамуына бағытталған халықтың барлық санаты ескеріліп, орындалуы жылдар бойынша белгіленген қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілген маңызды бағдарлама. Жол картасы Партияның бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің алдағы 5 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары. Аудан бойынша Жол картасының жүзеге асырылуын бақылау және мониторингілеу мақсатында партия филиалы жанынан Қоғамдық кеңестер жасақталып, төрағалары мен мүшелері бекітілді. Сондай-ақ белгіленген шаралар мен нақты индикаторларға жауапты ретінде депутаттық фракция мүшелері белгіленді.

— Аталған бағдарлама аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Бағдарлама аясында біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан басым бағыттарына тоқталып өтсеңіз.

— 2021 жылы жұмыспен қамту бойынша 550 жұмыс орны жоспарланса, бүгінгі күнде 700 жұмыс орны ашылып, орындалуы 127,3 пайызға жетіп отыр. Жұмыссыз жандарды жұмыспен қамту мақсатында жыл сайын бос орындарға кемінде 1100 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, қазіргі таңда 670 жұмысқа орналасты. Біздің аудандағы өзекті мәселелердің бірі — тұрғын үй мәселесі. Халықтың осал топтарына жататын тұрғындарға үй сатып алып беру үшін Республикалық бюджеттен 16 миллион, аудандық бюджеттен 11 миллон теңге қаржы бөлініп, үй алып беру мәселелері жалғасын тауып келеді. Бүгінгі таңда ауданымызда 14 елді мекен ауыз сумен қамтылып, ол халықтың 92,0 пайызын құрап отыр. Қазіргі таңда Бестамақ елді мекеніне 202,3 миллион теңгеге ауыз су құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету сапасы артып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жанданып, елді мекендерге интернет тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазірге таңда көптің көкейінде жүрген мәселелердің бірі — Қараой бағытындағы көтерме жолға асфальт төсеу мәселесі. Былтыр қыс мезгіліне қарамастан кешеуілдеп басталған жұмыстар сол қалпында тоқтап қалды. Бұл жайында не айтар едіңіз?

  • Ойыл-Қараой бағытындағы жолға асфальт төсеу мәселесі бойынша аудандық мәслихаттың сессиясын шақырып, облыстық бюджеттік комиссияға жобалық сметалық құжаттамаларды қайта анықтап, нақтылап қосымша қаржы сұралды. Қосымша қаржы көлемі 432 милиион 891 мың теңгені құрайды. Бұдан бөлек, Көптоғай ауылдық округіне дәрігерлік амбулаториясын салу үшін жобалық сметалық құжаттарына облыстық бюджеттен 4 миллион 500 мың теңге қаржы қаралып, сараптама қорытындысы шықса, құрылыс жұмыстары биыл басталады. Одан кейінгі көкейкесті мәселенің бірі болған Теректі, Қарасу мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспары жүзеге аспады. Өйткені аталған мектептер саман тастан қаланғандықтан биылға ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен екі мектепке де қаржы бөлінді. Алдағы уақытта модулді мектеп салу ұсынылып отыр. Міне мұндай өзекті мәселелер партия бақылауынан түспейді. Сондықтан қомақты қаржыны қажет ететін мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді.

«Nur Otan» партиясы әрдайым халықпен бірге!

  • Сұхбатыңызға рақмет.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар