СпортСұхбат

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Ақтөбе қаласында ХIХ облыстық Спартакиадасының үстел тенис жарысы өткен болатын. Осы жарыста 14 команда арасынан  Ойыл командасының мектеп оқушылары бақтарын сынап жүлделі екінші орынмен марапатталды. Жарысқа қатысқан оқушыларды атай кетсек, Арсен Еркінов пен Асылай Асылханова Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ мектебінің 10-шы сынып оқушылары болса, Ш.Бекмұханбетова атындағы гимназиясынан Әбу-Мансур Хаким 9-шы сынып оқушысы. Осы жөнінде жетекшісі денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлыжан Амангелдіұлымен сұхбаттасып қайтқан болатынбыз. 

— Сәлеметсіз бе, ең алдымен сұхбатымызды команданың қалай құрылғанымен бастасақ?

— Сәлеметсіз бе, Негізінде біз оны «сен немесе сен, жарысқа барасың!» — деп тандамаймыз ғой. Ең бірінші ауданда үлкен іріктеу жүргіздік, солардың ішінде қабілеттері мықтыларын ғана жарысқа алып бардық. Солардың ішінде осы балалардың ойнау қабілеттері ерекше болып, көзге түсті.

— Жарыста оқушыларыңыз қаншалықты қабілеттерін көрсете білді?

— Негізі Ақтөбеден бір команда жасақталынса, Ақтөбенің мектептерінен бір команда ойынға шығатын болды. Ал қалғандары аудандардан бір-бір командалар. Міне солардың ішінен бірнеше командамен тайталаса келіп, Ырғыз командасын ұтқанымен Ақтөбе командасынан ұтылып қалды. Бірақ та қарым-қабілеттерін жақсы көрсете білді. Есе жібермеуге тырысты.

— Жарысқа дайындықтарыңыз қалай болды?

— Жалпы жарысқа деген дайындығымыз өте жоғары денгейде болды. Соның нәтижесінде 2-ші орын алып отырғанымыз. Әрине 1-ші орынға үмітіміз болған, дегенмен «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген осы. Бірақ біздің балалардың өзінен жасы үлкендерге де тойтарыс бере алғанының өзі үлкен қуаныш. Дәстүрге сай келесі жылы 20-шы рет өткізіледі. Сол кезде міндетті түрде бірінші орынды алатынымызға кәміл сенімдемін.

— Біз де соған тілектеспіз. Оқушылардың жарыста алған әсері қалай болды? Осы спорт түріне деген қызуғушылығы оянды ма?

— Әрине алған әсерлері ерекше болды. Себебі Ақтөбеде жаңадан салынған «Жекпе-жек» сарайында өткесін балалардың ынтасы ашылып, қайта шабыттанды. Марапат кезінде «Аналарға тағзым» жобасы аясына келген аналар сол сарайдың ішін аралауға дәл келді. Сол кезде кіріп келгенде, балалардың қуанышы одан сайын арта түсті. Себебі көп келе бермейтін беделді тұлғалардың қасында естелік суретке түскенінің өзі керемет әсер епес пе?

— Алдағы жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз?

— Әзірше алдағы жоспар күнбе – күн жаттығып шындалу. Теннис ойыны көздің қырағылығын, шапшаңдықты талап ететін болғасын үздіксіз жаттығу керекпіз. Сосын келесі жылғы жарыста бірінші орынды иелену.

— Рақмет! Табыс тілеймін! Балаларымыз биіктен көріне берсін!

Сұхбаттасқан:

Өміргүл Темірхан.

 

Басқа жаңалықтар