Әлеумет

«Шаруа жастар» мектебінің сырты қоршалды

Ойыл бойының Ақшатау-Талтоғай тұсында Естек Меңдібай, оның балалары ағартушы Серікбай, Мұқаш және Дәукен атты билер тұрған. Балтас естектің бір бұтағы Күмісбай баласы Меңдібай жасынан зерек болып, өнер-білімді орыс жұртынан үйренген. Сауда жасаған орыстарға еріп, Орынбор, Астраханға дейін барып, тіл үйреніп, дәулет құрған. 1898 жылы 2 кластық мектепті Меңдібай Күмісбаев салдырған. Ағаштары орынбордан түйе арбамен әкелінген. «қызыл мектеп» алғашында екі кластық орысша-қазақша мектеп болған. Аталған оқу орны уақыт өте келе әр кезде әрқилы мақсатта пайдаланылған. Бүгінде қорғауға алынған тарихи ғимараттың қабырғалары құлап қалғанымен, өткен дәуірден, яғни өткен тарихтан сыр шертіп тұр. Мұндай тарихи көне ғимараттар қазақ даласында жетерлік. Бұл өткенді ұмытпай ата-баба ізімен келешекке қадам басуға жол сілтейді.
Осы орайда жуырда ел ауызында «Қызыл мектеп» немесе «Санаторий» аталып келген «Шаруа жастары» мектебінің сыртын қоршау, сырлау жұмыстары жүргізілді. Ойыл ауылдық округінің ұйытқы болуымен қолға алынған игі іске аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлы да арнайы барды. Онда тарихи орынның сырты қоршау, сырлау сынды игі іс, тал көшеттерін отырғызу жұмыстарымен жалғасын тапты. Айтулы шараға Ақашатау, Қаракемер мектептерінің қызметкерлері де өзіндік үлестерін қосып, аталған жұмыстарға белсенді түрде атсалысты.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар