ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Қайырымдылық жарыстың қоры Үш отбасының иігілігіне ұсынылды
Мереке қарсаңында Ойыл селосындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай ересектер арасында шағын футболдан дәстүрлі қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды.
Аймақтық жарысқа ауданымыздан «Қайыңды», «Ұстаздар», «Жамағат», «1996 жылғы туған азаматтар», «Көкжар» сынды бес команда қатысса, көршілес Қобда ауданынан «Егіндібұлақ» командасы арнайы шақырылды. Алты команданың арасында өткен тартысты жарыста ұпай санымен үшінші орынға «Жамағат» командасы ие болса, екінші орын «1996 жылғы туған азаматтардың еншісіне тиді. Бас жүлде шағын алаңда бар шеберлігін паш еткен «Ұстаздар» командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама, медальдармен марапатталса, қайырымдылық турнирден түскен қаржыға арнайы азық-түлік себеті дайындалып, аз қамтылған үш отбасының игілігіне ұсынылды.