Білім

Курсантпен кездесудің өзегі

Еліміз егемендігін алған тұста, бірінші кезекте әскери сала жұмысын заман талабына сай қайта жасақтау қажеттілігі туындады. Себебі, әскери қуаттылықты арттыру – тәуелсіз елдің болашағын баянды етудің негізгі тетігі еді. Біздің тұрақты тыныштығымыз бен қарқынды дамуымыз, ұлттық және табиғи құндылықтарды сақтауымыз да тікелей әскери сала жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы аясында өрбитіні анық.
Осы орайда жуырда Ойыл аудандық қорғаныс істері бөлімі мен Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы білім беру ұйымдарында кездесу ұйымдастырылды. Жастарға патриоттық тәрбие және әскери оқу орындары туралы ақпарат беруді көздеген кездесуге Ойыл аудандық Қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінің Алматы обылысындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Абай Болатұлы және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Ойыл аудандық Қорғаныс істер бөлімінің басшысы Сатыбалды Алпысбаев еліміздегі барлық әскери оқу орындары жайлы, осы оқу орындарына түсу үшін қандай құжаттар жинау керектігін айтып өтсе, Абай Болатұлы әскери қызметкер болғым келеді, елімізде қорғаныс саласында қызмет атқарамын немесе әскери білім аламын деген азаматтарға барлық жағдай жасалғанын, олардың айлық жалақысынан бөлек, тұрғын үймен қамтылуы, отбасы мүшелерімен бірге тегін медициналық көмек алуы, белгіленген нормалар бойынша заттай мүліктермен қамтамасыз етілуін мемлекет өз қолына алғандығын айтып өтті. Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі Мейрамбек Музамелұлы әскери оқу орындарына барғысы келетін жастарға біздің орталыққа келіп осы оқу орындары жайлы толық ақпарат алып, психологиялық кеңестер алуға болатындығы айтып өтті.
Кездесу соңында Ойыл аудандық Қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлері дәрігерлік тексеруден өтіп әскер қатарына жарамды жас азаматтарға Қазақстан Реупубликасы қорғаныс министрлігінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті салтанатты түрде табыс етті.

Басқа жаңалықтар