
Осы орайда «Құдайберген Жұбанов: тұлға және уақыт.Фотомұрағат» кітабы жарық көрді.
Конференция барысында кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы жерлесіміз, Жұбанов университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Әлия Ұлықпанова.
«Қазақтың асыл перзенті Құдайберген Жұбановтың есімі – біздің университет үшін айрықша қадірлі. Осыған орай, профессордың 125 жылдық мерейтойына арналған «Құдайберген Жұбанов: тұлға және уақыт. Фотомұрағат» атты туынды арнайы дайындалды. Бұл кітапта ұлы тұлғаның өмір жолы мен қызметі, оның артына қалдырған рухани мұрасы терең мазмұнмен өрнектеліп, келешек ұрпаққа тағылым ретінде ұсынылған», — дейді автор.
Еңбекте профессордың ғұмырбаяндық желісі, ата-тегі, өскен өңірі, білім алған жері, ғылыми ортасы, зерттеу еңбектері мен қоғамдық-ағартушылық қызметі мұрағаттарда, Жұбанов әулетінде сақталып қалған деректер көзімен, фотосуреттерімен жүйеленген.



