Спорт

Қыздарымыз ерлерді, Ағалары да намысты қолдан бермеді

2022 жылдың 11-13 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында әйелдер күресінен 2005-2006, 2007-2009 жылы туған жасөспірім қыздар арасында Ақтөбе облысы чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа Ақтөбе облысынан 10 команда, оның ішінде Ақтөбе қаласы, Хромтау, Алға, Мартук, Қобда, Ойыл аудандарынан 70-ке жуық жас спортшылар қатысып, бақтарын сынады.

Тартысқа толы өткен облыс чемпионаты нәтижесінде ауданымыздың кіші жасөспірім қыздар арасында 36 кг салмақта Күнсұлу Нұржанова ІІ орын иеленсе, 50 кг салмақ дәрежесінде Бейбіт Қажымұқанқызы І орын иемденді. 2005-2006 жылғы қыздар арасында 50 кг салмақ дәрежесінде Гүлзира Ұзақова ІІІ орын, 54 кг салмақта Айшолпан Шаймерденова ІІІ орын, Ақжібек Сисенбаева 69 кг салмақта біріншіліктің жеңімпазы атанды.
Сисенбаева Ақжібек Қостанай қаласында өтетін республикалық турнирге және Қарағанды қаласында өткізілетін ҚР чемпионатына жолдамаға ие болды. Наурыз айында Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына Бейбіт Қажымұқанқызы, Күнсұлу Нұржанова жолдама алды.
Сонымен қатар, қысқы президенттік көпсайыстан балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Ақтөбе облысы чемпионатына Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Амандық Ғабдуллин қатынасып, нәтижесінде 35-39 жас арасында чемпионаттың ІІ орын иегері атанды.

Басқа жаңалықтар