ӘлеуметБасты тақырыпСпорт

Дәстүрлі мерекелік турнир

Биыл Петроға арналды

*************************************************************************************

Өткен жұма күні дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 22 желтоқсан — Энергетиктер күні және осы саланың және спорт ардагері Петр Пономаревты еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді.


Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, жарысқа қатынасушыларға сәттілік тілесе, бір кездері спорт десе ішкен асын жерге қойған Петр туралы замандастары мен талай алаңда бірге тер төккен әріптестері өткен шақтан сыр шертті.
Ойылдықтардың төл спортына айналған волейболдан өткен турнирге «Ойыл аграрлық колледжі», «Аудандық аурухана», «Өрт сөндіру бөлімі», «Ойыл қазақ орта мектебі», «Қазақтелеком», «Спорт мектебі», «Аудандық полиция бөлімі» сынды 8 команда қатынасты. Турнир нәтижесінде lll орын «Өрт сөндіру бөліміне» бұйырса, ll орынға «Спорт мектебі» командасы ие болды. Қарсыластарының бәрін «қоғадай жапырған» полицей жігіттер бас жүлдеге қол созды.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама, кубок, медальдармен және демеушілердің қолдауымен ұсынылған бағалы сыйлақтармен марапатталды.

********************************************************************************

Басқа жаңалықтар