ӘкімдікБасты тақырып
Сессия бюджетті «толықтырып», бірқатар міселені талқылады
Наурыздың соңғы күндері аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Асқар Қазыбаев, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер — Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңын ауданда жүзеге асыру туралы, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №458 «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің ауданда жүзеге асырылуы туралы аудан әкімі орынбасары Саян Сүлейменов баяндаса, аудандық мәслихаттың 2021 жылы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин хабарлама жасады.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №95 «2022-2024 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қайнар Ұлықпанов хабарлама жасаса, аудандық мәслихат депутаты Бақыт Есқалиева Қаракемер ауылын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қосымша скважина қазу туралы депутаттық сауал жолдады.
Екі күн үзіліспен жалғасқан сессияда негізінен ауданның селолық округтерінің бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Р.S. Ауа-райы мен жол қатынасына байланысты сессия жұмысына бірқатар депутаттар мен ауылдық округ әкімдері онлайн режимінде қатысты.