Әлеумет

Базар апа бірінші дауыс берді

Еліміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістер туралы референдумнан репортаж жүргізу үшін бүгін жұмысымды №390 референдум учаскесінен бастадым. Алдымен мемлекеттік әнұран ойналып, одан кейін референдум учаскесінің төрағасы Мұрат Әлжанов комиссия мүшелері мен сайлаушыларды құттықтап, жұртшылықтың көзінше бюллетень салатын ашық жәшіктерді пломбалап, дауыс беру тәртібін түсіндірді.

Алғашқы болып Базар Оңайбаева апамыз дауыс берді. Сосын Мұрат Шыңғысұлы қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы дауыс берушіге арнаулы сыйлық табыстады.

Р. S.

Сағат 10-да учаскеге тіркелген 966 сайлаушының 589-ы дауыс беріп үлгерді. Демек, бұл 60 пайыздан астам көрсеткіш. Содан-ақ халықтың белсенділігін байқауға болады.

Басқа жаңалықтар