Спорт

Нұрдәулет — облыс чемпионы

Осыдан үш жыл бұрын Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған бокс үйірмесі ашылған болатын. Бұрыннан негізі бар үйірменің қазіргі деңгейі жаман емес. Бүгінде нәтижелі жемісін бере бастады. Сейітжан Ермағамбетовтың жаттықтыруымен балғын боксшыларымыз облыстық турнирлерде бақтарын сынап келеді. Оның бір айғағы жуырда ғана Ақтөбе қаласында “Ұлы Жеңіс күніне” арналған  2002 – 2003 ж.т. жасөспірімдер арасында  бокстан өткен республикалық турнир. Оған  Ойылдан 4 оқушы, көршілес Ресейдің боксшыларымен қоса Атырау, Ақтөбе облыстарынан  9 команда қатынасты.

Байрақты бәсекеде 70 кг салмақ дәрежесіне жұдырықтасқан Нұрдәулет Қаршыға чемпион атанып, Турнирдің үздік боксшысы” атағын иеленді.Намысын қолдан бермей, ауданның абыройын биікке көтерген Нұрдаулетке жерлестер атынан алғысымыз шексіз.

Жарайсың Нұрдәулет!

Г.ТАҢЖАРБАЙҚЫЗЫ,

Ойыл БЖСМ әдіскері.

Басқа жаңалықтар