Басты тақырып

АТЫМТАЙ АЗАМАТ ТАҒЫ ДА АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӨРКЕНДЕП ӨСІП, ДАМУЫНА, ӨҢІРДЕ ТУЫП ӨСКЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ОРАСАН ЗОР. СОЛАРДЫҢ БІРІ ТУҒАН ЖЕРІ ҮШІН БІЛЕК СЫБАНЫП ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН ОЙЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ, «АНВАР» ЖШС-НІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ТАЛҒАТ САЛФИКОВ. АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БӘРІНДЕ ДЕРЛІК ТАЛҒАТ АҒАМЫЗДЫҢ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР.

Ойыл өңірінің аухатының артуына көмек қолын созып жүрген жомарт жан бұл жолы Жолмырзаев көшесіндегі №42 екі қабатты тұрғын үй иелерінің өтініштеріне демеушілік көрсетті. Тұрғын үй шатыры қазіргі заманға сай құрылыс материалымен (бикрост) жасалынды. Жұмыстың сапалығы тексеріліп, толық аяқталғаны жөнінде тұрғындарға аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы мен Ойыл селолық округінің әкімі Сәндібек Дәулетқалиев жеткізіп, қуаныштарымен бөлісті.

«Қайда жүрсе де туған өлкесін, туған халқын естен шығармай, таршылық көргендерге қол ұшын созуға асығып тұратын нағыз патриот Талғат Салфиковке, сонымен қатар аудан әкімі Асқар Қазыбаев, округ әкімі Сәндібек Дәулетқалиевке осынау игі іске ат салысқан барша жандарға және де жөндеу жұмысын жасаған Нұрлан Шынбаев пен Қанат Ізғаринге алғыс білдіреміз. Қамқорлық танытқан жерлесімізге қайырымды ісі үшін 22 үйлік тұрғындары атынан риясыз алғысымызды білдіре отырып, ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне табыс тілейміз», — дейді тұрғындар атынан сөз алған Жанат Сағатова.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар