Басты тақырыпБілім
Облыстық мәслихаттың депутаты ойылдық он оқушыны қуантты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында «Қазхром» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының Президенті, облыстық мәслихат депутаты Арман Есенжолов Ойыл өңіріне келіп оқушыларымызды өз сыйлықтарымен қуантты. Ауданымыздың жекелеген санаттағы 10 оқушысына «Samsung» планшеті, мектеп формасы, спорттық форма, аяқ киім, спорттық аяқ киім, қазіргі заманғы және ыңғайлы рюкзактар кеңсе құралдарымен, ұл балаларға футболға арналған доптар, қыз балаларға жұмсақ ойыншықтар сыйлап қуанышқа кенелтті.
Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу екендігін кәсіпорын ұжымы бүгінгі қарбалас өмірде қалың жұртшылықтың есіне салды. Жылы жүрек танытып,қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастары анық. Қолынан келген көмегін аямаған жанға оқушылар мен ата-аналары ризашылығын білдіріп, қуаныштарын жасыра алмай, алғыстарын жаудырды.