ӘкімдікБасты тақырып

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен аптада Ойыл аудандық мәслихатының білім, мәдениет және жастар саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия төрағасы Сәндібек Нұрбаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, бірқатар мекеме басшылары қатысты. Қозғалған әр мәселе бойынша сала басшылары баяндама жасап, жасалған жұмыстар жайында толыққанды мәлімет берді. Сонымен қатар өзекті мәселенің мән-жайы нақтыланып, депутаттар арасында кеңінен талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының орындалуы туралы аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина баяндады. Ауданда жастармен атқарылған бірқатар жұмыстар жөнінде баяндай келе, ауданға жастар бас қосатын орталық керек екенін жеткізді.

Келесі мәселе аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 тамыздағы №11 «Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі» атқарылған жұмыстары туралы, Мұрат Нұғманға «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев баяндады. Жалпы аудан бойынша зорлық-зомбылық тіркелмеген. Қараой ауылдық округінің әкімі Айбек Сұлтанов Қараой ауылдық округінде атқарған жұмыстарының есебі жөнінде тоқталып өтті.

Комиссия мүшелері хабарламашыларға мәселелердің сәйкес, заңнама тұрғысындағы өзекті деп саналатын тұстарынан сұрақтар қойып, қаралған мәселелерге байланысты қаулылар қабылдады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар