ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпМәдениет

«ЖАРҚЫН ЖАСТЫҚ – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ!»

Аудандық жастар ресурстық орталығы жылдың басында студенттердің қысқы демалыс уақытын пайдаланып ауыл жастарымен және студенттермен кездесті. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінен басталған кездесу барлық ауылдық округтерде жалғасып, аудан басында Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде, Ойыл аграрлық колледжінде аяқталды.
Студенттермен кездесу кешіне аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина, аудандық мәдениет үйінің директоры Сансызбай Нұржанов, орталықтың мамандары, мектеп оқушыларымен студенттер қатысты. Өмірде «бір кірпіш болып қалануды» мақсат тұтқан студенттер кейінгі ізбасарларына үлгі-өнеге болуға тырысады. Кездесуде студенттерге ауыл жастары тарапынан сұрақтар койылып, студенттік өмір туралы қызықты бейнеролик көрсетілді. Жастар үшін қызықты тренингтер, ойындар ұйымдастырылды. Ал, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кешті одан әрі әсем әнмен әрлеп, қыздыра түсті. Кеш соңы ауыл жастарының би кешімен жалғасын тапты.
«Жастар арасындағы мәдениет деңгейін анықтау үшін олардың бос уақытты қалай өткізетінін зерттеу керек. Бос уақыт жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Жастар өзінің қажеттіліктері мен құндылық бағдарына қарай бос уақытты өткізудің алуан түрін таңдайды. Міне ауыл жастары арасында достық қарым — қатынас пен байланыс орнату мақсатында Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының жылдық жоспарына сәйкес, аудандық мәдениет үйінің сабақтас жоспары негізінде бірлескен түрде, барлық ауылдық округтерде ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағытталған іс- шара, яғни студенттердің қысқы демалыс уақытына сәйкес, студенттермен және ауыл жастарымен кездесулер өткізілді. 21 ғасырдың жаңашыл жастары Жаңа Қазақстан қалыптастыруға жаңаша біліммен келетіндеріне көзіміз жетті. Ойыл ауданы бойынша жеті ауылдық округ бар. Барлық ауылдық округте халықтың 30-40 пайызын жастар құрайды. Міне, сондықтан да әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы жастар мекендейді. Бір байқағанымыз ауыл жастарының көзінде от, кеудесінде намыс бар. Барлығы да жұмыс жасауға құлшыныстары мен жігерін танытып, ынталанып тұрған жігерлі жастар. Бұл сапарымыз ауыл жастарына серпін берді деген сенімдемін. Жастардың қолдаушысы ретінде мейілінше сөзбен демеп, мотивациялық демеу беруге барынша тырыстық. Орталық атынан жыл басындағы ауылдарға сапарымызды қолдаған барлық мекемелерге, басшыларға, азаматтар мен азаматшаларға үлкен алғыс білдіреміз!, — дейді орталық басшысы Жангүл Ізғарина.
P.S. АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН, ЯҒНИ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ДЕ КЕЗДЕСІП, БАРЛЫҚ ҚР ЗАҢНАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАРҒА БЕРІЛІП ЖАТҚАН МҮМКІНДІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Басқа жаңалықтар