Басты тақырыпЭкономика

АСҚАР ЕЛДІ АСҚАҚТАТАР — АТА ЗАҢ!

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі заңға түзетулер мәселесін шешетін республикалық референдумды өткізу туралы жарлыққа қол қойып, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіліп, 2 бөлімнің атауы өзгертілген болатын. Өйткені Конституция – біздің  ынтымағымыз бен еркіндігіміздің кепілі. Конституция -  рухани жаңғыруға бағытталған жасампаз істерді атқару жолындағы сенім беретін темірқазығымыз.

Осы орайда, Тәуелсіздігіміздің темір қазығы, азаттығымыздың айбыны Конституция күні қарсаңында «Асқар елді асқақтатар – Ата заң» атты тақырыпта өткен аптаның соңында аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз конституция күніне орай мәдени-көпшілік шара өтті. Айтулы мерекемен барша ойылдықтарға құттықтау тілегін жеткізген аудан әкімі Асқар Қазыбаев әр сала бойынша бірқатар мекеме қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты табысталса, өмірінің айтулы белесі – 75 жасқа толған мерейтойына орай Мәдениет үйі жанындағы Халықтық «Ақ әже» ансамблінің мүшесі Сырға Қалдығұлова марапатталды. Сонымен қатар 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлының алғыс хатын Ойыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Самал Маханова, Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Серік Нұғыманов, Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Мұратбек Әділханов, Сарбие ауылдық округінің әкімі Дәурен Бисебаев, Ойыл аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры Аралбай Жолдыбаевқа табыс етті. Салтанатты шара үстінде Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жетекші маманы Эльмира Боран Мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабылдаса, салтанатты шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекеге орай концерттік бағдарламасын тарту етті.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар