Басты тақырыпДенсаулықРухани жаңғыруСұхбат
«Елі сүйсінген-ер тұлға»
Сынықшы Сүлеймен ата — аймаққа аты мәшһүр үлкен әулие. Биыл әулие, халық емшісі Сүлеймен Қарабалаұлының туғанына 115 жыл толуына орай Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында тарихи-танымдық шара өтті. Шараға Сүлеймен атаның қыздары Тойлаш пен Жандай, келіні Роза және жиені Алик пен жолдасы Рита қатысып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, сөз сөйледі. Шәкірті Жұмабай Дайрабаев пен атаның емшілік қасиетінен шипа тапқан бірқатар ауыл ақсақалдары өз әсерлерімен бөлісті. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары М.Айдарбаев танымдық шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, келген қонақтарға алғысын білдірді.