ӘкімдікБасты тақырып
Ақбөбектің «аптекасы»
Ауылдық жерде «басың ауырып, балтырың сыздаса» жүгіріп баратын дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункттер болғанымен олардың тағайындаған емін жедел жүзеге асыру үшін қажет дәрі табыла бермейді. Кейбір емдері тегін берілетін дәрілердің тізімінде жоқ. Не істемек керек? Ойылға, қалаға қоңыраулатып дәрі іздейсің! Ал, Кемерде ауылда дәріхана бар.
Оның иесі сол ауылдың қызы – Ақбөбек Мұхамбетқазиева. Қазір «Еврофарм» компаниясының Ақтөбе қаласындағы филиалының жетекшісі. Мұндай компаниялардың ауыл түгілі ауданнан филиал ашуы орындалмас арман. Сондықтан, Ақбөбек туған ауылына өзінің жеке дәріханасын ашып қойды. Әрине, «алақандай» ауылдан анау айтқандай табыс табуы мүмкін емес, Бірақ, «Халықтың алғысынан асқан табыс жоқ» — деген Ақбөбек өзінің ісін туған жеріне тағзымы санайды. Қазір ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның бір бөлмесін жалға алып отырған Ақбөбектің дәріханасында халыққа жедел қажетті дәрілердің бәрі бар. Тұтынушылардың сұранысы мен тілегін ескеріп отырған Ақбөбек дәріханаға тіпті дәрігердің нұсқамасымен (рецепті) берілетін дәрілерді де әкеліп қойған. Бағалары да көңілге қонымды.
«Елге қызмет – мерейлі міндет! – деген осы болса керек!