ӘлеуметБасты тақырып
Арнаулы алаң керек!
Бұл Ойыл селосында толғағы жеткен мәселе. Рас, апта сайын демалыс күндері мал азығының, басқа ауылшаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өтетін алаңдар бар. Алайда, сатушы сенбі, жексенбіні күтіп тұрмайды.
Әрине, өнім ұсынушы халықтың көп жүретін жерінде сауда жасағысы келеді. Сондықтан, тауары бардың барлығы ауызекі тілде «Телекомның» алдына ұмтылады. Бұл жерде не жоқ. Шөп те бар, бәтеңке де бар. Жеміс-жидек, көкөніс екібастан. Біріншіден, көшенің бойы санитарлық талапқа сай емес. Екіншіден, арнаулы қалдықтарды салатын ыдыстар болмағандықтан, ол төңіректің тазалығы тағы ойландырады. Ал, кешкісін сол «Телекомның» алдынан өтсеңіз, ұшып кеткен целлофан пакеттерді айтпағанда, шемешкінің қалдығы, темекінің тұқылынан бастап, көкөністің қалдықтары да табылады. Бұл жерге енді тұрғындардың сиыр байлап, саудалауы қалды.
Сондықтан, Ойыл селосының мейлінше орталығынан арнаулы коммунальдық алаң керек!
С.ХАМЗИН,
Ойыл селосы.