Кеше аудандағы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған семинар өтті. Семинарда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Нонна Валиулова мүгедектер, көзі көрмейтін, құлағы нашар еститін және сезімдік қабылдауы бұзылған және психикалық аурулармен ауыратын адамдардың сайлауға қатысу мүмкіндігіне қатысты, сонымен қатар олардың саяси және азаматтық құқықтарын қорғауға
байланысты міндеттемелерді жүзеге асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді таныстырып, оларды жүзеге асыру жолдарын түсіндірді. Олардың сайлауға қатысуын жеңілдету үшін жағдайлар жасау бағытындағы жұмыстарды слайдтар арқылы көрсетіп түсіндірді. Одан кейін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Болат Бақтыгереев комиссия мүшелеріне сайлаудың құжаттарын толтыру
тәртібі мен сайлау кезінде орын алуы мүмкін жағдайларға байланысты комиссия мүшелерінің сайлау туралы заңның аясындағы әрекеті туралы түсіндірілді.