ӘлеуметБасты тақырып
Ауылдың аты – тарихтың хаты
Қазіргі Қайыңды ауылдық округінің аумағында 1951 жылғы колхоздар іріленгенге дейін төрт колхоз болған. Олар: Саға, Қайыңды, Қызылжұлдыз, Жаңа құрылыс. №5 Қайыңды ауылдық кеңесте Саға, Қайыңды колхоздары ал, №17 Байтаков ауылдық кеңесіне 1938-1940 жылдары қазіргі Атырау облысының Тайсойған жерінен көшірілген Қызылжұлдыз, Жаңақоныс колхоздары қарады. Қызылжұлдыз колхозы Темірмола, Беркімбай, Қызылсай жерлерін ал, Жаңақұрлыс колхозы Егінді, Шоқпар, Аққұдық, Ақшекелек жерлерін қоныс етті. Қазірде Егінді, Шоқпар, Ақкұдық жерлері Қобда және Темір ауданына қарайды. Бұл шағын колхоздардағы бастауыш мектептерде әр кезде Н.Мусағалиева, Ш.Есжанов, С.Бошанов, Х.Өтешовалар мұғалім болып жасады. Сол кездегі жағдай бойынша осы колхоздардың үлкені Саға колхозы болды. Кезінде онда 60-қа тарта отбасы болған. Колхозда монша, наубайхана жұмыс жасаған. Саға мектеп үйінің іргетасы 1936 жылы колхоздың сол кездегі мүшелері Сейсенбі Төребеков , Ақбазар Ержанов, Атабай Бишекенов, Жақсыбай Жетпісбаев, Саку Жарбосынова сияқты аға-апалардың күшімен салынған. Саға бастауыш мектебінің алғашқы мұғалімі — Сапа Әлжанов. Мектепте сол жылы 10 бала оқыған. Олардың ең жасы алтыда, ең үлкені он екі жаста болған. Ол оқушылар: И.Ақбазаров, Е.Сүлейменов, Ж.Әбуов, Е.Серғалиев, Ү.Тоғанова, Ш.Қарабекова т.б. Саға ауылындағы бастауыш мектеп жабылғанға дейін әр жылдары Ү.Сатаев, А.Убниязов, Х.Өтешова, Ш.Смағұлов, Т.Нареновтар ұстаздық еткен. 1936 жылы көлге су шығару мақсатында Саға бөгеті салынды. Бөгет берік болу үшін талдар отырғызған. Қазір сол талдар Саға талы немесе Тоған талы деп аталады. Суы мол қалың ағашты саялы, шөбі шұрайлы жер.
1951 жылы күзде Партияның Орталық Комитетінің қаулысы бойынша осы төрт колхоз біріктіріліп, іріленген Қайыңды колхозы құрылды. Колхоз төрағалығына Ә.Оралов, орынбасарлығына Б. Ганаев, ауылдың кеңес төрағалығына С.Жарбосынова сайланды. 1957 жылы наурыз айында Саралжын колхозы кұрылып, Қайыңды колхозы оның №2 бөлімшесі 1962-1972 жылдары қазіргі Темір ауданындағы Қайыңды совхозының №2 бөлімшесі болады. Қазақ ССР Министрлер советінің қаулысымен 1972 жылы мамыр айында Аманкелді атындағы совхоз қүрылды. Қайыңды ауылы №1, ал Көсембай ауылы №2 бөлімше болып біріктірілді. Совхоз директоры болып Шаймерден Базарғалиев тағайындалып, 1979 жылға дейін еңбек етті. Жаңадан қүрылған совхоздың бас мамандары болып Б.Убниязов, Қ.Нұрмашев, Ж.Сейітқалиев, А.Жармұқанов, Қ.Тайшыбаев, Ж.Жақыпов, М.Елғондиндер жұмыс жасады. Совхоз құрылғаннан кейін партия ұйымының хатшысы Б.Демесінов, жұмысшылар комитетінің төрағасы Е.Баймұқанов, Саға селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Қ.Құрманғазиндер шаруашылықтың дамуына көп күштерін жұмсады. Шаруашылықтың дамуына елеулі үлес қосқан совхоз басшылары болып қызмет еткен Балуаниязов Мырзағүл мен Доспамбетов Дәулетжанның еңбектері лайықты бағаланды. Совхоздың мамандары болып еңбек еткен Т.Сисенов, Ж.Әбуов, Т.Орынбасаров, Б.Нысанбаев, С.Аққожин, Б.Бейісов, Ж.Тәжіғалиев, Т.Тәжібеков, Ж.Сүйінов, С.Өтеғалиев, Б.Әбиев, Б.Жақсыбаев, Т.Ғалымжанов, Б.Дүйсенғалиев, Б.Жармұқанов, С.Тышқанбаев, Ғ.Көппағамбетов, Т.Оразбаев, Қ.Мадешов, Қ.Оразова, Б.Бисекенов, М.Бисенғалиев сынды азаматтардың еңбегін атап өтпеске болмайды.
1986-1990 жылдары орта есеппен жылына егілген 10000 га егістіктен 67000 ц. өнім алынып, оның 27000 ц. мемлекетке өткізілді. Жыл сайын 2660 бас ірі қара 30655 бас қой, 674 жылқы бағылып, 145000 ірі сабақты мал азығы 31315 ц. жүгері сүрлеме дайындалып отырылды.
Мемлекетке жыл сайын 8300 ц. ет, 700 ц. сүт, 426 ц. жүн тапсырылды. Етке тапсырылған ірі қараның орташа салмағы 400 кг. ал қой 38 кг. жетіп отырды. Сол жылдары кеңшарға 80-ге тарта әр түрлі тракторлар, 63 автомашина, 42 астық комбайны және басқа да көптеген ауылшаруашылығы машиналары болды. Жыл сайын 8 га жерге көкөніс 18 га. жерге бақша, 5 га жерге картоп егіліп отырды. Әр жүз аналықтан 100 қозы, 73 бұзау алу қамтемеленді. Шаруашылықтың ілгері қадам басып, экономикасының артуына, озаттарымыздың қосқан үлесі мол.Атап айтқанда, әр жүз саулықтан 100-132 аралығында қозы алып, аман өсірген «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегерлері Қабден Нұржігітов, Сабырғали Аккожин Қазақ ССР-ы ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері «Құрмет белгісі» орденінің иегері Сағынғали Байғондин , «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі иегері Жұбанияз Төреханов, Сағынбай Байжиреновтің еңбектері мақтан етуге тұрарлық.
Сонымен қатар шаруашылықтың кай саласында болмасын механизаторлардың еңбек үлесі қомақты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» және «Халықтар достастығының» иегері Еркін Хамзин, «Еңбек Қызыл Ту», «Қүрмет белгісі» орденді Есекен Батырғалиев және еңбек озаттары Сембай Құлбаев, Айтқали Жаманқұлов, Амангелді Егізбаев, Есенбай Мұханбетқалиев, Асылбек Құрманов, Жәуміт Оралов, Махмұт Әбиев.
Кеңшардағы мсханизатор бригадаларының жетекшілері ІІ-ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Тың жерді игергені үшін» медальдарының иегері Есен Сүлейменовтің Октябрь революциясы, «Еңбек Қызыл Гу» ордендерінің, Бүкіл Одактық Ауылшаруашылығы көрмесінің мсдалінің иегері Мұрат Тілегеновтің еңбектерін атап өткен жөн.
Кеңшар 1994 жылдың маусым айынан ұжымдық ауылшаруашылық кәсіпорны, ал 1995 жылдың желтоқсанынан 1999 жылдың сәуір айына дейін Қайыңды өндірістік кооперативі болып, 1999 жылдың шілде айында жабылды.
«Жергілікті окілетті және атқарушы органдар» туралы заңға сәйкес Саға селолық кеңесі 1994 жылдан бастап Қайыңды ауылдық округі болып аталды. Қайыңды ауылдық округі Ойыл ауданының солтүстік- шығысында орналасқан. Округ аймағының солтүстігінде Қобда ауданымен, шығысында Темір ауданымен, оңтүстігі мен батысында ауданның Ш.Берсиев, Ойыл, Саралжын округтерімен шектеседі.
Ақпарат «Киелі мекен Қайыңды» кітабынан алынды.