ӘлеуметБасты тақырып

ҚАЙЫҢДЫДАҒЫ ҚУАНЫШ

Биыл балалар жылына орай ауданда көптеген ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілуде. Өткен сәрсенбіде Қайыңды ауылдық округінде балалар ойын алаңынның ашылу салтанатты өтті. Алдымен халықты бұл қуанышты сәтпен аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев бөлісіп, ауданда халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Қайыңды ауылдық округінің әкімі Ырғызбай Қосдәулетов игілікті іске ұйытқы болған жеке кәсіпкерге алғысын білдіріп, Алғыс хаты пен ескерткіш сыйлығын табыстады.
Балалар жылына байланысты жергілікті бюджет есебінен 7,300 млн. теңгеге салынған балалар ойын алаңының құрылысын мердігер Ершат Боханов жүргізді.
Ауыл тұрғыны Сабырғали Аққожин игі іс одан әрі өркендей түссін деген батасын беріп, жаңа алаңның лентасын қиды. Бұдан кейін, қуанышқа ортақтасып келген ауыл тұрғындары балаларымен ойын алаңына алғашқы қадамдарын жасап, алаңның іші мәре — сәре болды.
Р.S Ашылу салтанатынан кейін аудан әкімінің орынбасары ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысты.

Басқа жаңалықтар