ӘкімдікБасты тақырып

Мүмкіндігі шектеулі жандардың талап-тілектері тыңдалды

«NUR OTAN» партиясы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының шеңберінде аудандағы нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетілімділігі  турасында дөңгелек үстел өтті. Бүгінде аудан бойынша 430 әртүрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар тіркеуде тұр.  Ерекше жандардың қоғаммен етене араласуына партия тарапынан қолдаулар көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, жиналысқа келген тұлғалардың өтініштері мен тілектері тыңдалып шешу жолдары қарастырылды.

Басқосуда аудандағы белгілі нысандарға ерекше жандардың емін-еркін кіруіне арналған арнайы орындардың орнатылуы, денсаулығына байланысты арнайы құжаттарды үйде отырып алуға, кәсіп ашып мемлекеттен белгіленген мөлшерде қаражат жағынан қамтамасыз етілуі, жұмыспен қамту, баспана мәселесі сынды өзге де маңызды тақырыптар қаралды. Жиналысқа қатысқан ерекше жандар мемлекет тарапынан көріп жатқан қолдауларына ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, карантин уақытында да назардан тыс қалдырмай қаржылай көмектерін беріп, әрдайым қоғаммен тең дәрежеде болуымызға ықпал етіп келе жатқан азаматтарға алғыс айтатындықтарын жеткізді. Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Аралбай Жолдыбаев жұмыс сұрай келген тұлғаларға уақытша бос орындар ұсынып, кәсіп ашуға арналған тиімді шарттарды  түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұған дейін де ерекше жандар мемлекеттен арнайы несиелер алып өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр екен. Сондықтан да басқа да тұлғаларға іс бастаймын десе мемлекет тарапынан қолдаулардың болатынын атап өтті.

Венера АСҚАРҚЫЗЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар