Әлеумет

Экологияны қорғау мақсатында «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады.
Жоба жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болады.
🗓️22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.
📸Қатысушылар #Автокөліксізкүн челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

Басқа жаңалықтар