Әлеумет
Түлектерді серпілткен соңғы сынақ
Өткен аптада Ойыл қазақ орта мектебінде аудан мектептерінің оқушылары Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге бір табан жақындап, соңғы сынақтан өтті.
Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылдың көрсеткіші 89,8% болып, көңіл қуантты. Тесттілеуді бастамас бұрын әр баланы мұқият тексеріп оларды жеті аудиторияға бөлді. Олардың біреуі орыс аудиториясы болса, қалған жеті аудитория қазақ мектебінен. Тестілеуді бастамас бұрын аудан әкім Дастан Сағыров келіп, болашағынан үміт күттіретін түлектерімізге қолдау көрсетіп өз тілегін жолдады. Биыл 215 оқушы мектепті аяқтаса, соның ішінен 178-і ҰБТ- ға қатысқалы отыр. ҰБТ-ге әзірлеудің соңғы сынағында барлық аудиторияларды ұялы телефондарды өшіретін құрылғылармен және бейнекамералармен толықтай жабдықтады. Айта кететін жайт түлектеріміздің көбісінің таңдаулары физика мен математика мамандықтарына түскен екен. Әрине «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» — деген. Сондықтан, түлектерімізге осы айдың 23-і күні өтетін ҰБТ сынағында жоғары балл алуына тілектеспіз!