ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСҚА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Өткен аптада ауданға Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Сейталин жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында ауданда қылмыстың алдын алу жұмыстарымен танысқан ол, аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті.
«Ауданға келген мақсатымыз — осы салада қандай өзгерістер, қандай заңнамалар қабылданып жатыр, болашақта атқарылатын жұмыстармен таныстыру. Сонымен қатар көтерілген мәселелерді халық, әкімдік және полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып шешу», — деп ішкі істер саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Мақсатұлы. Ауданда тіркелген қылмыстар 1%-ға жетпейтіндігін айтып, полиция бөлімінің жұмысына оң баға берді.
Барлық проблемалық мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойды. Одан кейін облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары аудандық полиция бөліміне барып, полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Жеке құрамға Ішкі Істер Министрлігінің талаптарын жеткізіп, тәртіп сақшыларының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар