ӘлеуметБасты тақырып
БІРЛЕСІП ШЕШКЕН ІС ТИІМДІ
Өткен апта Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының дәрігер-бактериологы, магистр Бақытбек Таубаев ауданға іссапармен келді. Аудандық ветеринариялық стансасы, Ойыл обаға қарсы күрес бөлімшесінің мамандары және шаруа қожалық басшылары мен кездесу өткізді. Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатынасушыларды еркін пікір алысуға шақырды.
Ойыл обаға қарсы күрес бөлімшесінің бастығы Асылзат Өтепбергенова Ойыл обаға қарсы күрес бөлімшесінің 2022 жылғы атқарылған және алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтсе,Бақытбек Таубаев обаға қарсы және ветеринариялық қызметтердің оба инфекциясы бойынша ведомствоаралық байланысының мәселелері жөнінде тоқталып өтті.
Келесі кезекте Ойыл аудандық ветеринарлық стансасының директоры директоры Серік Сармұқанов «Сібір жарасының, эпидемиологиялық ахуалы», Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаев «Оба.Күйдіргі. Сарып.Туляремия ауруларының Ойыл ауданы бойынша 2022 жылғы эпидемиологиялық жағдайы», аудандық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Өркен Қожағалиев 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ойыл ауданында ветеринариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру» жөнінде баяндама жасады.
Кездесуге қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен сауалдар қойылып, осындай кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдасқан түрде жиі өткізу керек екенін және әрі қарай сапалы әрі нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды.
Өз тілшіміз.