Референдум
Халық пікірін біріктіретін референдум

Референдум – халықтың елдегі маңызды мәселелер бойынша өз пікірін тікелей білдіруінің демократиялық тәсілі. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын, азаматтардың саяси белсенділігін арттыратын маңызды құрал. Референдум арқылы халық заңдарға, Конституцияға немесе маңызды реформаларға қатысты өз таңдауын жасайды.
Көптеген елдерде референдум халықтың ортақ пікірін қалыптастырып, қоғамды біріктіретін механизм ретінде қарастырылады. Өйткені әр азамат дауыс беру арқылы мемлекет болашағына әсер ете алады. Бұл халықтың жауапкершілігін арттырып, ел тағдырына бейжай қарамауға тәрбиелейді.
Әдебиетова Ләззат
Белсенді жас



