Басты тақырыпСпорт

ОЙЫЛДЫҚТАР РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Облыстық білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы жалғасуда.
9-10 наурыз күндері Ұлттық мектеп лигасы асық ату және бес асық жарыстары өтті. Жарысқа 13 команда 39 оқушы қатысты. Жарыс нәтижесінде І орынды Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі командасы жеңіп алып, республикалық біріншілікке жолдама алды.
«Асық ойнаған азар…» деп басталатын ұлттық ұғымды теріске шығарып, облыстан озып, жеңіске жеткен жас спортшыларымызды және жаттықтырушысы Нұрлыжан Мұқашевты жеңістерімен құттықтай отырып, Республикалық лигада сәттілік тілейміз!

Басқа жаңалықтар