Басты тақырыпДенсаулық

Марапат пен мейірім ұштасқан күн

Аудандағы медицина қызметкерлері биыл да өз мерекелерін орталық саябақта «Кәсібіңе басымды ием!» атты мәдени концерттік шарамен ұштастырды.

 Бұл шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы барша медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хатпен «Жалпы тәжірибелі» дәрігер Индира Хабаеваны, экономист Жанаргүл Есенғаринаны, тіркеу бөлімінің мейірбикесі Роза Шамаеваны марапаттады. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Медицина саласының үздігі» құрметті атағы төсбелгісін аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Мұханбетжанұлының «Халық мақтанышы» төс белгісімен әлеуметтік мейірбике Лиза Баймұханова, Саралжын дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Гүлзада Өмірғалиева, Екпетал елдімекенінің мейірбикесі Мадина Сүлейменова, Ақсай медициналық пунктінің фельдшері Жанаргүл Мұханбетованың, «Мейірім» төс белгісін Қайыңды дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Марфуға Набиевалардың кеуделеріне тақты.

«Бас ауырып, балтыр сыздаса» ең алдымен көмекке келетін дәрігер деген жанашыр қауым бар. Жаныңа шипа дарытып, тіпті ажал құрсауынан арашалап алатын да солар. Міне, осындай ақ халатты абзал жандарды мерекесімен құттықтаған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Ақтөбе облыстық филиалының Құрмет грамотасын жалпы тәжірибелі дәрігер Әлия Баймағамбет пен аурухананың бас мейірбикесі Дархан Бердешоваларға салтанатты тапсырды. Сондай-ақ Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері және кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен, дәрігер – статист Дана Сүлейменова, дәрігер – эпидемиолог Жұлдыз Молдашқалиқызы, Құбасай медициналық пунктінің мейірбикесі Гүлжайнат Сағынғалиева, Ойыл қазақ орта мектебінің мейірбикесі Орынша Офина, Емхана жүргізушісі Нұрлан Ихсанов, Терапия бөлімшесінің мейірбикесі Риза Төңірекбаева, Хирургия бөлімшесінің мейірбикесі Гүлжанат Әмірова,Перзентхана бөлімшесінің акушеркасы Анаргүл Нарынбаева, Сарбие дәрігерлік амбулаториясының жұмысшысы Құттымұрат Шагиров, Емхана кіші қызметкері Айболған Құсайынова, Көптоғай дәрігерлік амбулаториясының жедел-жәрдем жүргізушісі Боранбай Шойыновтай қызметкерлердің еңбектері еленіп марапатталды. Күллі саналы ғұмырын дәрігерлікке арнаған дәрігер – инфекционист Гүлшат Раушанованы медицина қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келген зейнеткерлікке шығу салатанатымен құтықтай отыра алғыс хат табысталды. Айта кететін жайт облыстық «Бақытты бала» жобасы аясында аурухана патронаттық бақылау мақсатында берілген Нұрболат Маңғыстауовқа «Тұрғын үй жинақ банктегі» есепшотына аудару үшін 50 мың теңге сертификатты мен қатар өзге де аурухана ұжымының балаларына сый-сыяпаттар беріп балалардың жүзіне күлкі ұялатты. Сонымен бірге ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» құрметі атағы төсбелгісімен ардагер дәрігер Айжан Ерғалиева және медицина қызметкерлері күніне орай Аққағаз Досжанова атындағы «Ең үздік ауыл» байқауында «Ең үздік ауыл дәрігері» номинациясымен «500 мың теңге» көлемінде сыйақыға Саралжын дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Зибагүл Кенебаева ие болды. Мерекелік кеште аурухана ұжымының жастары өз өнерлерін көрсетіп, ән шашуларын тарту етті.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар