ӘлеуметБасты тақырып

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ақтөбеде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті. Кәсіби мерекеге орай облыстың бірқатар мәдениет қызметкерлері марапатталды. Соның ішінде ауданымыздың мәдениетіне елеулі үлесін қосып жүрген бірқатар қызметкерлерде марапаттан тыс қалмады. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хатымен Ш.Берсиев ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Гүлхан Қауметова, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» АОФ қоғамдық бірлестігінің төрағасы Назира Табылдинованың Құрмет Грамотасымен аудандық мәдениет үйінің музыка жетекшісі Алтынбек Шотов, облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың Алғыс хатымен «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының мәдени ұйымдастырушысы Гүлнара Бисекенова марапатталды.

Басқа жаңалықтар