Әлеумет
Көптоғай тағы бір кәсіпкермен толықты
22-Наурыз Ұлыстың ұлы күнінде Көптоғайда тағы бір қызмет көрсету орны іске қосылды. Бұл әр ауылда соңғы кезде сұранысқа ие болып жүрген шаштараз бөлмесі болатын.
Жергілікті тұрғын Гүлім Нығмет «Асылым» атты шаштаразын ауыл тұрғындарына арнап ашты. Жас кәсіпкер өз қаражатына керекті құралдар сатып алды. Ал жергілікті әкімшілік оған мекемелердің бірінен кең бөлме берді. Наурыз тойын өткізуге жиналған жұрт шаштараздың ашылу салтанатына қатысты. Ауыл әкімі Ерлан Асылбаев бастап, үлкен ақсақалдар ақ жаулықты әжейлер Гүлімнің ісіне сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Арнайы мамандығы бар Гүлімнің тек шаш қиып қана қоймай, шаш үлгісін жасап, жалпы сәндеу жұмыстарын жүргізеді.