ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулық
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН — ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» атты былтырғы Жолдауында ұлт саулығына басымдық беріп, медициналық инфрақұрылымды жақсарту, әсіресе, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау қызметін дамыту жөнінде айтып, бұл бағытта ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырды.
«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Әсіресе, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың денсаулығын қорғауда, ауруды ерте анықтауда жылжымалы медициналық кешеннің (ЖМК) маңызы зор. Осы орайда, жуырда Саралжын ауылдық округінің орталығына құрамында терапевт, офтальмолог, гинеколог, хирург, стоматолог, рентген зертханашысы және басқа да мамандар қабылдау жүргізді. Қажет болған жағдайда науқас кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, дәрігерлерден кеңес алды және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар берілді.