ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТІЛЕКТІҢ БІРІ – ОЙЫН АЛАҢЫ ЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен сәрсенбі аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың ауыл тұрғындарымен кездесуі Көптоғай елді мекенінде басталды. Әр тоқсан сайын халықпен кездесу өткізудің басты мақсаты тұрғындардың ұсыныс-пікілерін, көтерілген мәселелер бойынша жұмыстану.

Ең алдымен аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Содан соң ауылға қатысты мәселелерге тоқталды.
Кездесуде тұрғындар негізінен ауылдың ортақ әлеуметтік мәселелерін көтерді. Соның бірі — соңғы жылдары Көптоғай ауылдық округінің тұрғындары ауылға балалар ойын алаңының қажеттігін айтқан еді. Сол күні ауыл орталығында балалардың ойын алаңы салтанатты ашылды. Осындай ойын алаңының ашылу салтанатында аудан әкімі ауыл тұрғындарын құттықтаса, ауыл ақсақалдары балалар ойын алаңы бүлдіршіндер үшін үлкен қуаныш деп, атсалысқан барлық азаматтарға алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.
Заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған ойын алаңының ішінде балаларға арналған әткеншектер, сырғанақ, басқа да ойын құрылғылары орнатылған.
Ауыл үлкендері бата беріп, әжелер шашуларын шашты. Ал бүлдіршіндерге тегін балмұздақ, түрлі тәттілер таратып, ауыл балалары үшін нағыз мереке алаңы болды.
Г.АБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар