Мәдениет

От кешкен ағалар оқушылармен кездесті

Өткен ғасырдың 10 жылы от кешумен өткеніне тарих куә. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен әскери қақтығыс Ауған жерінде болды. Бұған біздің Ойылдан да бірнеше жас жігіт жат жерге Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Сондықтан арада 30 жылға жуық уақыт өтсе де, жыл сайын ауған соғысының ардагерлерінің ерлігін үлгі ету мақсатында кездесулер өтіп келеді.

Биыл да Ауған асуында от кешкендер атты салтанатты кешті аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жауынгер рухына құрмет қашанда жоғары. Саясаттың кесірінен болған соғыста құрбан болғандарға үнсіздік жарияланды. Аудандағы барлық ауған соғысының ардагерлері шақырылып, емін-еркін сұхбаттасып ауған соғысының ашылмаған тағы бір құпияларын жастарға жеткізу көзделген болатын. Бірақ кездсуге екі-ақ ардагер келіп жастармен ашық әңгіме өткізді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Сатыбалды Алпысбаев отты жылдар жайлы қысқаша баяндап өтті. Сол соғыстың куәлары Абай Тоқмағамбетов пен Ермек Сұлтанов та өз бастарынан өткен естеліктерін оқушыларға айтып берді. Мылтық атудан, Калашников автоматын шашып, қайта жинаудан сайыс өткізді. Патриоттық әндер шырқалды. Бейнебаян арқылы соғыстың көріністері ұсынылды. Кездесудің мақсаты да жастарды отан қорғауға шақырып, әскери міндеттен қашпауға, ардагер ағалардың өмірінен сабақ алып оқушыларға патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Басқа жаңалықтар