ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Өткен апта аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов төрағалық еткен отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудан әкімінің орынбасарлары Саян Сүлейменов пен Мұратбай Айдарбаев, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары қатынасты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе — «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары туралы, аудандағы жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің жай-күйі туралы» аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Исмағұлов баяндама жасады.
«Ауданда жалпы ұзындығы 243 км,300 м аудандық маңызы бар 15 автомобиль жолы бар. Ағымдағы жылы барлығы 26 жоба жүзеге асырылу жоспарланған болатын. Оның ішінде 13 автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу, 2 көпірлерді жөндеу және автомобиль жолдарында 11 су өткізу құбырларын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Қайыңды, Қаратал, Екпетал, Құмжарған, Ойыл, Шұбарши ауылдарына кіреберіс автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді. Ақкемер, Көптоғай ауылына кіреберіс жолдары жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Ал, Кемер, Сарбие, Ойыл-Қараой автомобиль жолдары бойынша жөндеу жұмыстары аяқталмады. Оның ішінде Кемер ауылына кіреберіс автомобиль жолына бірнеше рет сатып алу жарияланған, мердігерлердің өтінім бермеуіне байланысты жұмыстары басталмады. Сарбие ауылына кіреберіс, Ойыл-Қараой автомобиль жолдары бойынша мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамауына байланысты жұмыстар аяқсыз қалды. Осыған орай, мердігерге қатысты сотқа арыз берілді. Ойыл-Қараой, Қайыңды-Ақтөбе жолдарындағы көпірлерді жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды. Ал,аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 11 су өткізу құбырларын салу бойынша 9 жұмыс аяқталып, 2еуі аяқталу сатысында. Жыл соңына дейін 26 жобаның 22-сі аяқталып, 4-еуі аяқталмайды деп күтілуде», — деді Азамат Исмағұлов.
Екінші мәселе бойынша «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджет жобасын талқылау туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов баяндады.
Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар сауалдарын қойып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттердің кейбір тұстарын талқылай келе ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері Гүлмира Избағамбетова, Гүлсім Елекбаева үй мәселесі жайлы сауалдарын жолдады.
Р. S. Аудан әкімінің орынбасары С.Сүлейменов көтерілген кейбір мәселелерге орай түсінік берді.

Басқа жаңалықтар