ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«АЛҒЫС — РИЗАШЫЛЫҚТЫҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ»

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІМЕН ҚАТАР КЕЛГЕН 1 НАУРЫЗ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ БІЗДІҢ АУДАН ДА МӘДЕНИ КӨПШІЛІК ШАРАЛАРҒА АРҚАУ БОЛДЫ. КӨШЕ БОЙЫНДАҒЫ ӘР АДАМНЫҢ ЖҮЗІНЕН ЖЫЛЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІКТІ БАЙҚАДЫҚ. БӘРІ ДЕ БІРІ-БІРІНЕ ШЕКСІЗ АЛҒЫСТАРЫН АЙТЫП, ҚОС-ҚОСТАН ШҮЙІРКЕЛЕСІП ЖАТТЫ.

“Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығында өткен шарада аудандағы өнерпаздары көпшілікке әсем әуен мен жырдан шашу шашты.
Айтулы шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев аудандағы ұлтаралық келісімді насихаттау мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін бірқатар әр салада қызмет ететін қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
“Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығы жанынан құрылған достық клубы мерекелік құттықтауларын жолдаcа, өзге ұлт өкілдері береке бірлікте ынтымағы жарасып өмір сүріп жатқан қазақ жұртына білдірген алғыстары бейнебаян арқылы көрсетілді.

Басқа жаңалықтар