Референдум

Облыстық мәслихат төрағасы дауыс берді

Облыстық мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева Қалалық мәдениет сарайында орналасқан №38 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

— Референдумның маңызы айрықша. Бұл референдум — тек бүгінгі буын үшін емес, келер ұрпақ үшін де жауапты шешім, — деді Гүлқасима Сүйінтаева.

Оның айтуынша, бүгін Қазақстан азаматтары ел болашағына қатысты шешім қабылдайды. Қабылданатын шешімге сәйкес қандай қоғамда өмір сүретінімізді және қандай құндылықтар негізінде әрі қарай дамитынымызды айқындаймыз.

Related Articles

Back to top button