ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпБілімМәдениетРухани жаңғыруСұхбат

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Жаңа жыл қарсаңында орталық кітапханадағы “Коворкинг” орталығында ауданның ардагерлері мен зейнеткер әжелер бас қосты. Кездесуде еңбек ардагерлеріне кітапханашылар шәй ұсынып, емен-жарқын әңгіме құрды, алғыс та айтылды.

Ойылдың өсіп-өркендеуі жолында талмай еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсенді қатысып жүрген ата-әжелердің өнегелі өмірін насихаттай отырып, жастарды тәрбиелеуді мақсат еткен отырыста өсиет сөздер мен өрелі ой айтылды.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Атағалиев елдің бірлігі мен ынтымағын, татулығын нығайтып жүрген ата-әжелерімізге жүрекжарды лебізін айтып, әлі де ұрпақ тәрбиесінде қуатты болып жүре берулеріне ниеттестігін білдірсе, бас қосқан ата-әжелеріміз бірінен соң бірі сөз алып, өткізіліп отырған шараға өз алғыстарын айтты. Елдің амандығын тілеп, ақ баталарын беріп, тәуелсіз еліміз бұдан әрі гүлденe берсін деген тілектерін жеткізді. Өз кезегінде жиынды қорытындылаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов ауданда ардагерлермен атқарылған жұмыстарға тоқталып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовтың құттықтау хатын жеткізді.

Басқа жаңалықтар